Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Жұбайымнан жұмыс істеуін сұрадым: депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы жетпейтінін айтты

    Жұбайымнан жұмыс істеуін сұрадым: депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы жетпейтінін айтты

    Фото: kaz.inform.kz

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазіргі жалақысы өзіне жетпейтінін айтты. Осыған байланысты ол жұбайынан жұмысқа шығуын сұрағанын, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бүгін журналистер Бақытжан Базарбектен қазіргі жалақы депутаттарға жеткілікті ме деп сұрады.

    «Қазіргі жалақы жеткілікті бола алмайды. Өзіңіз қараңыз: 500, 700, 800 мың теңге – кімге жетеді? Әсіресе отбасында 5-6 бала болса. Біздің кейбір депутаттарымыздың 5-6 баласы бар», – деді мәжілісмен.

    Оның айтуынша, табыстың едәуір бөлігі тұрмыстық шығындарға, балабақша ақысына, балалардың үйірмелері мен басқа да қажеттіліктеріне жұмсалады.

    «Баланы балабақшаға апару, түрлі секцияларға беру, киіндіру, аяқкиім алып беру үшін ғана 300 мың теңгедей кетеді. Ал азық-түлік бағасы өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпеуі мүмкін», – деді депутат.

    Базарбек журналистерге өзінің шамамен 900 мың теңгеден сәл асатын жалақы алатынын айтты.

    «Жеке өзіме жетпейді. Сондықтан жұбайымнан да жұмыс істеуін сұрадым, болды», – деп қосты ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →