Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Таяу Шығыста тартыс тоқтамайды: Трамп Иранға қарсы соғыс тағы жалғасатынын жариялады

    Таяу Шығыста тартыс тоқтамайды: Трамп Иранға қарсы соғыс тағы жалғасатынын жариялады

    Фото: ашық дереккөзден

    Иранға қарсы соғыс жалғасатын болды, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы. 

    Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды. Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады.

    Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.

    «Мен билікке келгелі  АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды»,- деп жазды ол.

    Сосын бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында «Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады» деп те атап өткен.

    Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын да жазған.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →