Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды •

    Оралда полиция жас қызды құтқаруға барып, зорлап кеткен

    Оралда полиция жас қызды құтқаруға барып, зорлап кеткен

    Фото: depositphotos

    Орал қаласында 25 жастағы бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды. Оның үстінен қызды зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info  порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Абай полиция бөлімінің қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыс жасады деген ақпарат тараған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға көршілердің шуға байланысты шағымынан кейін болған. Полиция қызметкері пәтерді тексеруге барған. Айтылған дерекке сәйкес, қылмыс сол жерде жасалған.

    Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын растады.

    «Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеді қадағалау органы.

    Полиция департаменті өз қатарындағы тәртіп пен заң бұзушылыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер қатаң тоқтатылатынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →