Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді •

    Көлік қағып кеткен: Атырау облысында сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты

    Көлік қағып кеткен: Атырау облысында сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері қаза тапты

    Фото: gov.kz

    Әлеуметтік желілерде Құлсары қаласында сенбілік кезінде жол апатынан «ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды AtyrauPress-ке сілтеме жасаған QazaqToday.info.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды жүк көлігі қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

    Компания өкілдері қайғылы оқиғаның болғанын растады. Алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайын жариялаудан бас тартты.

    «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі, қоршаған орта және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабыловтың айтуынша, компания қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

    «Аталған оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым жағдайға қатысты мәліметтер жария етілмейді», – делінген компания жауабында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →