Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    «8 миллион теңге»: ІІМ вандализм бойынша ескерту жасады

    «8 миллион теңге»: ІІМ вандализм бойынша ескерту жасады

     Ішкі істер министрлігі вандализм дерегі бойынша 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертті, деп QazaqToday.info ақпараттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеп кетті. Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу, оларды зақымдау – заңбұзушылық. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

    «Қылмыстық кодекстің 294-бабы – «Вандализм» бойынша мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 432 500-ден 8 650 000 теңгеге дейін) айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қарастырылған», — деп ескертті полициядағылар.

    ІІМ вандализмге түбегейлі құқықтық баға берілетінін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →