Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Ұялып отырмын»: Сауық Жақанова Дана Нұржігіттің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады

    «Ұялып отырмын»: Сауық Жақанова Дана Нұржігіттің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады

    Коллаж: QazaqToday.info

    Танымал журналист Дана Нұржігіттің әлеуметтік желіде белгілі диктор, радио ардагері Сауық Жақанованың денсаулығына байланысты жазған жазбасы көпшілікті алаңдатып қойған еді. Осыған қатысты Сауық Жақанова мәлімдеме жасап, денсаулығына қатысты жағдайды түсіндірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол журналист Дана Нұржігіттің өзі туралы айтқан пікірінен кейін желі қолданушылары арасында түрлі болжамдар пайда болғанын жеткізді. Әсіресе, «емделуге ақша таппай отыр», «жағдайы нашар екен», «балалары көмектеспей ме?» деген секілді пікірлердің жазылғанына қынжылғанын айтты.

    «Шүкір Аллаға, елімнің ортасында біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей жұртпен бірдей өмір сүрудемін. Тіптен, көпшілік ортасына түсіп қалғанымдағы таныған, көзі-көңілі қарақты жандардың құрметін, жылы сөздерін естіп көргендегі жәй-күйім өсіп, жүрегіме мақтаныш сезімі құйылады»,– деді ол.

    Сауық Жақанова соңғы он жылда құлағының естуі нашарлап, есту аппаратын пайдаланатынын да жасырмады. Алайда мұны өмірдің қалыпты сынағы ретінде қабылдайтынын атап өтті.

    «Иә, оншақты жылдың жүзі болды құлағым нашарлай бастағаннан есту аппаратының тәуірін сатып алғамын. Анда-санда тексертіп отырамын. Бұл – өз өмір тіршілігім, денсаулықтағы әр түрлі себеп Құдайдан. Оны жіберген Жасаған Иеміз шипасымен  қоса қаражатын да өзі береді екен. Жалпы, адами тіршілігім жақсы мен әттеген-ай қоса өріліп отырады»,– деді ол.

    Сондай-ақ, ол марқұм жолдасы 2001 жылы өмірден өткенін, екі ұлы бар екенін айтты. Ардагер диктор Қазақ радиосындағы қызметінде әріптестері мен тыңдармандарының құрметіне бөленгенін жеткізді.

    «Дана Нұржігіттің айтқанынан түсінгенім – қарттық келгенде Мемлекеттік деңгейдегі ем-шара алуға бұл кісі лайықты дегенді меңзеді ғой деймін. Үлкенді сыйласаң алдыңа келетінін білетін қазақпыз ғой, маған тілеуқорлардың бәріне Алладан қайтсын деймін»,– деп жазды Сауық Жақанова.

    Жазба соңында ол Қазақстан радиосы мен радио-теле саласының азаматтары тарапынан қолдау көріп жүргенін айтып, өзіне тілеулес жандарға алғысын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →