Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Құлсарыда нөсер жауыннан кейін көпқабатты үйлердің пәтерлерін су басты

    Атырау облысының Құлсары қаласында нөсер жауыннан кейін көпқабатты үйлердің пәтерлерін су басты. Тұрғындардың мүлкі бүлініп, апатты үйлер мәселесі ушығып тұр.

    Құлсарыда нөсер жауыннан кейін көпқабатты үйлердің пәтерлерін су басты

    Атырау облысының Құлсары қаласында өткен нөсер жауын салдарынан бірнеше көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттағы пәтерлерін су басты. Тұрғындардың мүлкіне зақым келіп, кейбір пәтерлердің қабырғасы көгере бастаған деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қала тұрғындарының айтуынша, бұл мәселе жыл сайын қайталанады. Әсіресе, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйлердің жағдайы мүшкіл. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда пәтер ішінде төбеден судың сорғалап ағып жатқаны, тұрмыстық техника мен жиһаздың бүлінгені анық көрінеді. «Әр жаңбыр сайын шелектеп су тасимыз», — дейді тұрғындар.

    Ресми деректер бойынша, Құлсары қаласындағы 126 көпқабатты тұрғын үйдің 98-і апатты деп танылған. Жергілікті билік өкілдері биыл бірнеше ескі үйді сүріп, жүздеген отбасын жаңа баспанаға көшіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Алайда, қала тұрғындары бұл мәселенің түбегейлі шешілмей келе жатқанына алаңдаулы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →