Талдықорғанда жеңіл көлік жол жөндеу жұмыстары кезінде қазылған орға түсіп кетті. Жансүгіров пен Русембеков көшелерінің қиылысында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Желі қолданушылары терең шұңқырдың айналасында тиісті қауіпсіздік белгілерінің болмағанына наразылық білдіріп, коммуналдық қызметтердің жұмысын сынға алуда. Куәгерлердің айтуынша, аталған аумақтағы жол бірнеше күн бойы қазулы күйде тұрған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша, жүргізуші ескерту белгілерінің жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен орды байқамай қалған. Бұл жағдай қаладағы жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуына қатысты мәселені қайта көтерді.
