Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Соңғы демін сол жерде үзген»: Астанада тісін емдеуге келген 21 жастағы жігіт көз жұмды

    «Соңғы демін сол жерде үзген»: Астанада тісін емдеуге келген 21 жастағы жігіт көз жұмды

    Фото: pixabay

    Астанадағы тіс емханаларының бірінде  қайғылы жағдай орын алды. Тісін емдеуге  сап-сау келген 21 жастағы жігіт көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. 

    Туыстарының айтуынша, Мұрат Есболған тісін жөндетуге дені сау күйде барған. Ем барысында науқасқа анестезия салынып, алайда алдын ала аллергиялық сынама жасалмағаны айтылып отыр. Бірінші уколдан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, құрысу белгілері байқалған. Соған қарамастан, екінші рет дәрі салынған. Жас жігіт есінен танып құлағаннан кейін ғана жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер келген кезде антибиотик салынғанымен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған.

    «Қайным жерге есінен танып құлағанда ғана жедел-жәрдем шақырылған. Жедел-жәрдем антибиотик салған кезде соңғы демін сол жерде үзген. Біріміз қайнымыздан, баламыздан, ағамыздан, бауырымыздан айырылып отырмыз»,– деді жеңгесі.

    Жақындарының сөзінше, процедура кезінде дәрігердің өзі емес, тәжірибеден өтіп жүрген маман укол салған. Оның 23 жаста екені және екі дипломы бар екені айтылуда. Сонымен қатар, жанында болған медбикенің де тиісті бақылауды толық қамтамасыз етпегенін де алға тартты.

    Марқұмның туыстары клиника қызметкерлерінің жауапсыздығына наразы екенін айтып, істің әділ тергелуін талап етуде. 

    Қайғылы оқиға медициналық қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік мәселесін қайта көтеріп, қоғамда қызу талқыланып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →