Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Түркиядағы жантүршігерлік жағдай: екі күнде екінші мектепте атыс болды

    Түркияның Кахраманмараш қаласында мектеп оқушысы атыс ұйымдастырып, 4 адамды өлтірді. Бұл – елде екі күнде тіркелген екінші оқиға.

    Түркиядағы жантүршігерлік жағдай: екі күнде екінші мектепте атыс болды
    file_848.jpg

    Түркияның Кахраманмараш қаласында сегізінші сынып оқушысы мектепте оқ атып, төрт адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың арасында бір мұғалім бар, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиғадан тағы 20 адам зардап шегіп, оның төртеуінің жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім бұрын полицияда жұмыс істеген әкесінің тапаншасын қолданған. Шабуылдан кейін оқушы өз-өзіне қол жұмсады.

    Қазір оқиға орнында прокурорлар мен инспекторлар жұмыс істеп жатыр. Аймаққа елдің Ішкі істер және Білім министрлері ұшып барды.

    Бұл – Түркияда соңғы екі тәулік ішінде тіркелген осыған ұқсас екінші оқиға. Бір күн бұрын Сиверек қаласында тағы бір жасөспірім 16 адамды жаралап, адамдарды кепілге алған соң өзін-өзі өлтірген болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →