Жамбыл облысының Қордай ауданында екі тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, олардың денесі ауылдағы қораның бірінен табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 14 сәуір күні таңертең Қаракемер ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер өлім алдында ешқандай хат қалдырмаған.
Осыған байланысты Жамбыл облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеуді бастады.
Тергеу тобы марқұм болған балалардың ұстаздарымен, достарымен және көршілерімен сөйлесіп жатыр. Полиция тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпаратты жарияламайтынын хабарлады.
Фото: Әлеуметтік желіден
