Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    203 млн теңге: Түркістан облысында стоматология жалған қызмет көрсеткен

    203 млн теңге: Түркістан облысында стоматология жалған қызмет көрсеткен
    Фото: Pixabay
    Түркістан облысында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында бірқатар заңсыздық анықталды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
    Спутник Қазақстан мәліметінше, заңсыздықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алу және жұмсауға қатысты.
    Соның ішінде, лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз әрі тиісті деңгейде көрсетпеу жағдайлары белгілі болды.
    Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз «офтальмолог», «гастроэнтеролог», «аллерголог», «уролог», «психиатр», «гематолог» сынды бейіндік мамандардың атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.
    «Сонымен қатар 203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызметтерді жалған көрсету фактілері анықталды. Екі аффилирленген клиника өздеріне формалды түрде үш дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген», — деп жазылған хабарламада.
    Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке «қызмет көрсеткені» тіркелген.
    Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады.
    Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →