Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 50 жылдан соң Айға ұшқан адамзат: NASA жаңа жоспарын жариялады

    50 жылдық үзілістен кейін NASA астронавттары Айды айналып, Жерге оралды. Экипаж жаңа рекорд орнатып, ғарыш агенттігінің келесі жоспары белгілі болды.

    50 жылдан соң Айға ұшқан адамзат: NASA жаңа жоспарын жариялады
    file_821.jpg

    Айды айналып ұшқан NASA-ның Orion ғарыш кемесі төрт астронавтымен бірге Жерге аман-есен оралды, экипаж Тынық мұхитына қонды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «Артемида-2» миссиясының экипаж құрамында Рид Уайсмен, Кристина Кук, Виктор Гловер және Джереми Хансен болды. Олар адамзат тарихында Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты. Астронавттар планетамыздан 406 771 шақырымға дейін қашықтады.

    Бұл – 1972 жылдан бері адамзаттың Айға жасаған алғашқы миссиясы. Осылайша, NASA 50 жылдан астам уақытқа созылған үзілістен кейін Ай бағдарламасын қайта жандандырып отыр.

    «Біздің келесі қадамымыз – Айға адам қондыру және 2028 жылға қарай онда арнайы база салу», — деп мәлімдеді NASA басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →