Басты бет » Зарина Дияс мансабын аяқтады: «Мен мақтанышпен кетемін»

Зарина Дияс мансабын аяқтады: «Мен мақтанышпен кетемін»

file_817.jpg

Қазақстанның танымал теннисшісі Зарина Дияс кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Спортшы бұл туралы Instagram парақшасында жазып, жанкүйерлеріне, отбасына және бапкерлеріне алғысын білдірді.

«Бүгін мен өмірімнің ең маңызды тарауларының бірін жауып жатырмын. Бұл Алматыдан шыққан, әлемдік ареналарда ойнап, турнирлерде жеңіске жетуді армандаған қыздың керемет сапары еді. Арманымның орындалғанына әлі сене алар емеспін: жеңістер, әлемдік рейтингтің топ-30-дығы және Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғау құрметі бұйырды. Мен мақтанышпен және ризашылық сезімімен кетемін. Енді жаңа кезең басталады», — деп жазды Дияс.

Ол теннистің өзін мықты болуға, ешқашан берілмеуге және алға ұмтылуға үйреткенін атап өтті. Спортшы сондай-ақ мансабы бойы қолдау көрсеткен отбасына, бапкерлеріне, достарына, демеушілерге және Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтты.

Зарина Дияс – кәсіби мансабында WTA турнирінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Ол әлемдік рейтингте 31-орынға дейін көтеріліп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған. Сондай-ақ спортшы еліміздің намысын Олимпиада ойындарында қорғады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика