Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Хаменеидің денсаулығы туралы қауесетке нүкте қойылды: ол АҚШ-қа талап қойды

    Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Хаменеидің денсаулығына қатысты қауесет тарағаннан кейін оның ресми үндеуі жарияланды. Ол АҚШ-тан өтемақы талап етіп, Ормуз бұғазына қатысты ескерту жасады.

    Хаменеидің денсаулығы туралы қауесетке нүкте қойылды: ол АҚШ-қа талап қойды
    file_814.jpg

    Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы ауыр деген қауесетке байланысты оның халыққа үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Иранның Tasnim агенттігі таратқан бұл үндеу Батыс барлау қызметтерінің «көшбасшы қызметке жарамсыз» деген ақпаратын іс жүзінде жоққа шығарып отыр.

    Хаменеи өз сөзінде Тегеранның әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды Ормуз бұғазын басқару саясатын қайта қарайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ пен Израильмен арадағы әскери қақтығыс кезінде келтірілген залал үшін өтемақыны қатаң талап ететінін ескертті.

    «Тегеран Ормуз бұғазын басқару тәсілін қайта қарайды және АҚШ пен Израильмен әскери қақтығыс кезінде келтірілген залал үшін өтемақыны қатаң талап етеді», – делінген көшбасшының үндеуінде.

    Ормуз бұғазы – Таяу Шығыс мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын негізгі су жолы. Бұл аймақтағы кез келген тұрақсыздық жаһандық энергетика бағасына тікелей әсер етеді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →