Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады

    Атырау облысында ірі қарадан індет шықты

    Атырау облысында ірі қарадан індет шықты

    Фото: Pixabay

    Кесел Исатай және Құрманғазы аудандарында 6 мың ірі қарадан анықталды. Барлығы 6 сиыр өлген, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Қазіргі таңда өңірден ірі қараны шығаруға уақытша тыйым салынды.

    Сараптама қорытындысы бойынша жануарларға инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылды. Ауырған малдың аузынан сілекей ағып, ауыз қуысының шырышты қабығында жаралар пайда болған.

    «Осыған байланысты қазіргі таңда емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Исатай және Құрманғазы аудандарында бүгінгі күні мал басының 80 пайызы сауықты, тағы 500-ге жуық бас емделуде. Жалпы, облыс ішінде мал тасымалдауға рұқсат берілген, алайда көрші өңірлерден мал әкелуге және сыртқа шығаруға әзірге тыйым салынды», – деп хабарлады Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →