Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ЧМ-2026 жартылай финалына шықты Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ЧМ-2026 жартылай финалына шықты Қостанайда пойыз вагонына шығып суретке түспек болған 16 жастағы баланы тоқ соқты «Өмірімдегі ең ауыр күн болды»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі қара жамылды «Өз отбасымен бақытты көрінеді»: Тойға келмеген Тұрсынбек Қабатов қыздарымен көзге түсті Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді Көкшетау-Қостанай тасжолының сиқы халықты шаршатты

Трамп «барлық мақсатқа жеттік» деді: АҚШ пен Иран бітімнің жай-жапсары айтылды

АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету үшін 14 күндік уақытша бітімге келді. Келісімнің басты шарты – әлемдік экономика үшін маңызды Ормуз бұғазын ашу.

Трамп «барлық мақсатқа жеттік» деді: АҚШ пен Иран бітімнің жай-жапсары айтылды
file_803.jpg

Таяу Шығыстағы шиеленістен кейін АҚШ пен Иран екі апталық уақытша бітім жасауға келісті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл – толыққанды бейбіт келісім болмаса да, жаһандық сауда үшін аса маңызды Ормуз бұғазын ашуға бағытталған маңызды қадам. 14 күнге созылатын атысты тоқтату туралы келісімге Пәкістан делдал болып, Қытай жанама түрде қолдау көрсеткен. Болжам бойынша, тараптардың келесі келіссөздері Пәкістан астанасы Исламабадта өтуі мүмкін.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының күретамыры саналады. Оның жабылуы мұнай бағасын шарықтатып, жаһандық экономикаға ауыр соққы беруі мүмкін еді. Сондықтан бұғаз арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету – АҚШ үшін де, әлемнің басқа елдері үшін де стратегиялық маңызға ие.

Бітім шарттарына сәйкес, Иран өз әскерімен кемелердің қауіпсіз өтуін үйлестіреді. Алайда бұйрықтың майдандағы барлық бөлімшеге жетуіне уақыт қажет болғандықтан, атысты тоқтату біртіндеп іске асады. Ақ үйге жақын дереккөздердің мәліметінше, Израиль де бұл келісімді қолдап, соққыларын уақытша тоқтатуға келіскен.

Дегенмен, қос тарап бұл бітімді әртүрлі бағалап отыр.

«Біз барлық мақсатқа жеттік», — деді АҚШ президенті Дональд Трамп. Оның пікірінше, бұл бітім тек соңғы бейбіт келісімді рәсімдеуге қажетті үзіліс.

Ал Иран билігі мұны «АҚШ-тың жеңілісі» деп атады. Тегеранның мәлімдеуінше, Вашингтон бітімге келуді өзі сұраған.

Ақпаратқа сәйкес, бітім туралы шешімді Иранның жаңа жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеи экономикалық және инфрақұрылымдық қауіптерді ескере отырып мақұлдаған. Осылайша екі тарап та өзін жеңімпаз ретінде көрсетіп, стратегиялық уақыт ұтуды көздейді. Алдағы екі апта Таяу Шығыстың тағдыры үшін шешуші болмақ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →