Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды • Қазақстандық парашахматшылар Бишкектегі Азия чемпионатында 15 медаль алды • Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді • Жазира Байырбекова банктегі ақшаға қатысты қауесетті әзілмен сөз етті • Толқын Тұрарбекқызы қызы Кәусардың алдағы диспорт екпесі туралы айтты • Нұртас Адамбайдың жұбайы психолог Торебек Бекбаевтың ілімін «секта» деп атады • Семейлік 60 жастағы экс-мұғалім түнде автобус жуып, TikTok-та танымал болды • Қазақстандық парашахматшылар Бишкектегі Азия чемпионатында 15 медаль алды • Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді •

    Қазақ балуаны қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, қола жүлде алды

    Бішкекте өткен Азия чемпионатында грек-рим күресінен 87 келі салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов түрікменстандық қарсыласын жеңіп, қола жүлде иеленді.

    Қазақ балуаны қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, қола жүлде алды
    file_802.jpg

    Бішкекте өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ел қоржынына кезекті медальді салды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тұрсынов қола медаль үшін өткен белдесуде түрікменстандық Дәулетмұрат Байрамовпен күш сынасты. Отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

    Осылайша Нұрсұлтан Тұрсынов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

    Бүгін 77 келі салмақта тағы бір отандасымыз Қаһарман Қысметов те қола медаль үшін күрескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовтан жеңіліп, жүлделі орынға іліне алмады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →