Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді

    «22 жастағы жігіт»: Алматы облысындағы неке қию рәсімінде атыс болды (видео)

    Алматы облысында жас жігіт тойда көпшіліктің көзінше тапаншадан оқ атты. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Оқиға 22 наурыз күні Талғар ауданында орын алған, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі.

    Неке қию рәсімі кезінде жас жігіт мылтық қолданған. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Кадрларда жеке үйлердің арасында келе жатқан көліктер колоннасы көрінеді. Кавказдық үлгіде, ұлттық киім киген салт атты жігіт қарудан аспанға оқ атады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

    «Тойға қатысушылардың бірі Талғар қаласының 22 жастағы тұрғыны қарудан оқ атқаны анықталды. Ол МП-371 тапаншасын қолданды, қазір қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жас жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы (Атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша жауапқа тартылды», — деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Департаменттің мәліметінше, бейнежазбадағы көріністе неке қию шарасына қатысқан көлік жүргізушілері де жол ережесін бұзған. Оларға қатысты бес хаттама толтырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →