Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Заңгерлерді соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шықты.

Заңгерлерді соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
file_765.jpg

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, ол сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылған.

Нұрасыл Болаттың аты 2023 жылдың ақпанында Алматыдағы шулы істен кейін көпшілікке танылған еді. Ол кезде депутаттың ұлы заңгер ерлі-зайыпты Черновтарды соққыға жыққан болатын.

Іс барысында сот бірнеше рет үкімді өзгертті. Алғашында Нұрасыл Болатқа 500 АЕК (шамамен 1,7 млн теңге) көлемінде айыппұл салынған. Алайда, кейін Жоғарғы сот істі қайта қарап, жазаны екі жылға бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Сол кезде жәбірленушілерге төленетін моральдық өтемақы мөлшері де әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін көбейтілген.

Кейіннен Алматы соты үкімді тағы қатайтып, бас бостандығын шектеуді нақты мерзімге алмастырды. Нәтижесінде Нұрасыл Болат 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырылған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →