«Жүргізушілерге рақымшылық болмауы тиіс»: Алматыдағы апаттан кейін депутаттар қатаң талап қойды

Фото: видеодан скрин

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін мәселе Мәжіліс деңгейіне көтерілді. Үш адамның өмірін қиған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Осыған байланысты депутат Айдос Сарым Үкіметке ресми сауал жолдады. Оның айтуынша, жол қауіпсіздігі мәселесінде жұмсару немесе рақымшылық жасауға жол берілмеуі керек.

Депутат жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға жеңілдік қарастыру – тәртіпті әлсіретіп, қайғылы оқиғалардың қайталануына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Әсіресе адам өлімімен аяқталған жол апаттарынан кейін мұндай бастамаларға қоғамда сұраныс жоқ екенін жеткізді.

Сарымның сөзінше, заңның қатаңдығы – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі. Сондықтан жүргізушілерге қатысты жазаны жеңілдету емес, керісінше жауапкершілікті күшейту қажет.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика