Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті •

    Kazakhmys Smelting өндірісті ұлғайтып, металлургиялық кешенді жаңғыртуда

    Kazakhmys Smelting өндірісті ұлғайтып, металлургиялық кешенді жаңғыртуда

    Фото: Қазақмыс

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Kazakhmys Smelting металлургиялық дивизионы негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсімін көрсетті. Тазартылмаған мыс өндірісі 13%-ға, күкірт қышқылын өндіру 11%-ға өсті (соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш), ал шихта өңдеу деңгейі тарихи максимумға жетті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Осындай өсімге қол жеткізуге технологиялық үдерісті тұрақтандыру, жөндеу жұмысын жүргізу және өндірістік қуатты арттыру шаралары ықпал етті. 2026 жылы компания шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз етілген жағдайда өндірісті одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр.

    Өндіріс көлемі артқан сайын металлургиялық қуатты жаңғырту және кәсіпорындарды экологиялық талапқа сай жаңарту жұмысы жалғасуда.

    Негізгі жобалардың бірі – Жезқазған мыс балқыту зауытында жаңа күкірт қышқылы кешенін салу. Оның іске қосылуы қалдық газдарды кәдеге жарату деңгейін едәуір арттырып, күкірт диоксиді шығарындыларын 90%-ға дейін төмендетеді, сондай-ақ қолданыстағы экологиялық талапқа сәйкестікті қамтамасыз етеді.

    Жалпы, Kazakhmys Smelting компаниясының дамуы үш фактордың үйлесіміне негізделеді: өндірістік көрсеткіштің өсуі, металлургиялық қуатты техникалық тұрғыдан жаңғырту және экологиялық жүктемені кезең-кезеңімен төмендету. Металлургиялық қуатты жаңарту өндірістің тиімділігін арттыруға және оның экологиялық тұрақтылығын күшейтуге бағытталған. Компания ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттіліктің құралы ретінде жаңғыртуға басымдық беріп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →