Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді • Қазақстандық футзалшылар Чемпиондар лигасының негізгі раундын жеңіспен бастады • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті •

    Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді

    Испаниядағы пойыз апатынан кейін Қазақстан СІМ қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді. Ақпарат алдын ала.

    Испаниядағы пойыз апаты: Қазақстан СІМ азаматтар туралы мәлімдеді

    Фото: СІМ

    Испанияда екі пойыздың соқтығысуына байланысты Қазақстан азаматтарының жағдайы белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әзірге апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомство өкілдері бұл ақпараттың алдын ала екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарына қатысты мәліметтерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Апат 28 қазанда Испанияның Толедо провинциясындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісінде болған. Мадридтен Андалусияға бағыт алған екі пойыз соқтығысқан. Оқиға салдарынан ондаған адам қаза тауып, көптеген жолаушы зардап шеккені хабарланды. Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

    Испания премьер-министрі Педро Санчес қайғылы оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →