Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді

    17 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4 млн еуроға сатып алмақ

    "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сатпаев әлемнің ең үздік 50 жас футболшысының тізіміне енді. Goal басылымы ойыншыны "Челси" сатып алатынын жазды.

    17 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4 млн еуроға сатып алмақ
    file_727.jpg

    «Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев әлемдегі ең талантты жас ойыншылардың қатарына қосылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Белгілі Goal басылымы жыл сайын жасайтын NXGN-2026 рейтингінде 17 жастағы қазақстандық спортшы әлемнің ең болашағы зор футболшыларының арасында 43-орынға тұрақтады.

    Басылым сарапшылары Сатпаевтың болашақта әлем жанкүйерлеріне танымал ойыншылардың қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екенін атап өткен. Goal мәліметінше, лондондық «Челси» клубы қазірдің өзінде 4 миллион еуроға келісім жасасып қойған. Шабуылшы «Стэмфорд Бридж» стадионына осы жазда ауысады деп күтілуде.

    Сондай-ақ Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында өзінен жас кезінде көп гол соққан Ансу Фати мен Ламин Ямальдан кейінгі үздік көрсеткішке ие. Ойыншыны дене бітімі мен шабуылды сәтті аяқтау шеберлігі үшін аргентиналық атақты футболшы Серхио Агуэрамен салыстырады. Дастан Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

    NXGN-2026 рейтингінің көш басында «Барселона» ойыншылары Ламин Ямаль мен Пау Кубарси және «Челси» сапына қосылатын Эстеван Виллиан тұр. Бұған дейін беделді Score 90 платформасы Дастан Сатпаевты әлемнің ең үздік 5 жас ойыншысының тізіміне қосқан еді.

    Фото: Игорь Улитин («Орда»)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →