Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Әл-Фарабидегі жарыс: «Қымбат көліктерді ешкім тоқтатпайды»

    Депутат Мұрат Әбенов Алматыдағы апаттан соң ІІМ басшысына үндеу жасап, полицияның заңсыз жарысқа көз жұматынын мәлімдеді.

    Әл-Фарабидегі жарыс: «Қымбат көліктерді ешкім тоқтатпайды»
    file_726.jpg

    Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Ішкі істер министріне үндеу жасады. Депутат қаладағы басты даңғылдың кешкісін заңсыз жарыс алаңына айналғанын, ал полиция бұған шара қолданбай отырғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мұрат Әбенов бұл жағдайға қатысты арнайы видеоүндеу жариялады. Ол бұл мәселенің бұрыннан бар екенін, бірақ құзырлы органдардың оған көз жұмып келе жатқанын алға тартты.

    «Кешкісін Әл-Фараби даңғылының заңсыз жарыс алаңына айналатынын бәрі біледі. Бұл өте қауіпті, бірақ полиция мұны біле тұра шара қолданбайды», — деді Әбенов.

    Сонымен қатар депутат заң бұзушыларға қатысты қос стандарт қолданылатынын жеткізді. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары тек қарапайым жүргізушілерді тоқтатып, қымбат көліктерге тиіспейді.

    «Сонда заң тек қарапайым халыққа ғана жұмыс істейді ме? Жылдамдық асырған қымбат көліктерді ешкім тоқтатпайды», — деп мәлімдеді ол.

    Депутат Ішкі істер министрін Алматыға келіп, жағдайды өз көзімен көруге шақырды.

    Еске сала кетейік, аталған жол апатынан үш адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, күдікті жарақат алып, күзетпен ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақталған соң, ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →