Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қарағанды-Балқаш жолында көлік аударылды: үш адам бірден мерт болды

    Қарағанды-Балқаш тасжолында Chevrolet Cobalt көлігі аударылып, ірі жол апаты болды. Салдарынан 30 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды.

    Қарағанды-Балқаш жолында көлік аударылды: үш адам бірден мерт болды
    file_711.jpg

    Қарағанды облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 18 наурызда Қарағанды-Балқаш тасжолында тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, оқиға Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының бір бөлігінде, Ақшатау кентінен Қарағандыға қарай 40 шақырым жерде болған. Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі ұзақ бұрылыста рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.

    Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Онда автор жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі мүмкін екенін болжайды.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

    Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге және жылдамдықты асырмауға шақырды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →