Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 54 жылдан кейін Айға адам ұшады: NASA тарихи миссияның күнін бекітті

    NASA 1972 жылдан бері алғаш рет Айға адам ұшыру миссиясын ресми мақұлдады. Тарихи ұшырылым 2026 жылдың 1 сәуіріне жоспарланған.

    54 жылдан кейін Айға адам ұшады: NASA тарихи миссияның күнін бекітті
    file_700.jpg

    Араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, адамзат Айға қайта оралады: NASA Айды айналып ұшатын миссияны ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тарихи сапар 2026 жылдың 1 сәуіріне жоспарланған. Бұл – 1972 жылдан бері, яғни «Аполлон» бағдарламасы аяқталғаннан кейін адамдардың Жер серігіне аттанатын алғашқы миссиясы болмақ. Ғарыш агенттігінің мәліметінше, зымыран ұшыру алаңына орнатылып, барлық дайындық жұмысы аяқталған.

    Экипаж құрамы да белгілі. Олар – америкалық астронавтар Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және Канада ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен. Қазіргі таңда экипаж мүшелері ұшу алдындағы міндетті карантинге жатқызылды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →