Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Екі елдің паспортымен емін-еркін жүргендер қашан әшкереленеді?

    Екі елдің паспортымен емін-еркін жүргендер қашан әшкереленеді?

    Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қос азаматтық мәселесіне қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Қазақстанда қос азаматтыққа заң жүзінде тыйым салынған және бұл талап Конституцияда нақты жазылған.

    Соған қарамастан, қоғамда екі елдің төлқұжатын қатар пайдаланып жүргендер бар деген пікір жиі айтылады. Министр мұндай жағдайда азамат өзге елдің азаматтығын алғанын міндетті түрде хабарлауы тиіс екенін еске салды.

    Егер бұл талап орындалса, Ішкі істер органдары азаматтықтан айыру мәселесін қарайды. Ал шетелде жүргендер бұл туралы елшілік немесе консулдық арқылы хабарлай алады.

    Сыртқы істер министрлігі тек құжаттарды қабылдап, Қазақстанға жолдайды, ал нақты шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдайды.

    Қос азаматтық мәселесі қоғамда әлі де өзекті. Себебі заң бар болғанымен, оны айналып өтетіндер бар деген күдік күшейіп келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →