Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Санжар Боқаев болса да, қылмыс дәлелденсе — жазадан қашпайды» — Айдос Сарым

    «Санжар Боқаев болса да, қылмыс дәлелденсе — жазадан қашпайды» — Айдос Сарым

    Фото: видеодан скрин

    Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Санжар Боқайға қатысты жағдайға пікір білдіріп, мұндай істерде эмоцияға емес, заңға сүйену керегін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

    Оның сөзінше, кей жағдайда блогерлер мен журналистерге қатысты қылмыстық істер сөз бостандығына қысым ретінде көрсетіліп жатады, алайда әрбір айыптаудың дәлелін Бас прокуратура ұсынуы тиіс. Депутат қоғамда бұл жағдайды саяси кек алу ретінде бағалайтындар бар екенін жоққа шығармады. Бірақ оның айтуынша, кез келген адам билікті сынауға құқылы болғанымен, заң шеңберінен шықпау қажет.

    Егер шектен аспаса, ешкімге қысым болмайды дейді ол. Сарым сондай-ақ бүгінгі таңда көптеген журналистер мен блогерлердің терең зерттеу жасап, билікті сынға алып жүргенін атап өтті. Алайда олар мұны популизмсіз, артық дабырасыз жүргізіп отырғанын жеткізді.

    Оның пікірінше, мәселе адамның танымал не «дабыралы» болуында емес. Егер нақты қылмыс дәлелденсе, кез келген тұлға — мейлі ол министр болсын, блогер болсын — заң алдында жауап беруі тиіс. Депутат тергеу барысына қатысты нақты пікір айту құзыретіне кірмейтінін де атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →