Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Иран Ормуз бұғазын жапты: АҚШ Ресей мұнайына салынған санкцияны алып тастады

    Иран Ормуз бұғазын жапқаннан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік нарықты тұрақтандыру үшін Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады.

    Иран Ормуз бұғазын жапты: АҚШ Ресей мұнайына салынған санкцияны алып тастады
    file_634.jpg

    АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы шиеленіске байланысты Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға салынған санкцияларды уақытша алып тастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл шешімді АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Х әлеуметтік желісінде жариялады. Оның айтуынша, бұл қадам Иранмен соғыс салдарынан зардап шеккен әлемдік нарықты тұрақтандыру үшін жасалған.

    «Жаһандық жеткізілімдерді кеңейту үшін АҚШ Қаржы министрлігі қазір теңізде тасымалданып жатқан ресейлік мұнайды сатып алуға уақытша рұқсат берді. Бұл – тек жолдағы мұнайға қатысты тар ауқымды, қысқа мерзімді шара. Сондықтан бұл Ресейге айтарлықтай қаржылық пайда әкелмейді, себебі олар негізгі табысты өндіру орнындағы салықтардан алады», – деп жазды Бессент.

    Бұған дейін 27-28 ақпанға қараған түні АҚШ пен Израиль Иранға әскери соққы жасаған болатын. Осының салдарынан Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, мұнай нарығында дүрбелең туды.

    Негізгі алаңдаушылық Ормуз бұғазына байланысты болып отыр. Иран мен Оман арасындағы бұл теңіз дәлізі Парсы шығанағын Үнді мұхитымен байланыстырады. Әлемдік мұнайдың шамамен 20%-ы мен сұйытылған табиғи газдың 25%-ы осы бұғаз арқылы тасымалданады.

    Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының тоқтатылғанын растады. Оның сөзінше, аймақта әскери операция жүріп жатқандықтан, бұғаз кемелер үшін аса қауіпті. Тіпті үш танкердің зардап шеккені де белгілі болды.

    Осы оқиғалар аясында 2 наурызда Лондон биржасында мұнай бағасы 13%-ға өсіп, бір баррелі 82 долларға дейін жетті. Дегенмен, Трамптың Ресей мұнайына қатысты мәлімдемесінен кейін баға қайта тұрақтала бастады.

    Фото: nhk-maritime.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →