Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қазақстан мен ЕО арасындағы виза: Брюссельден жаңа мәлімет шықты

    Бельгиядағы Қазақстан елшісі Роман Василенко журналистермен кездесіп, Еуроодақпен визалық режимді жеңілдету келіссөздері туралы айтты.

    Қазақстан мен ЕО арасындағы виза: Брюссельден жаңа мәлімет шықты
    file_628.jpg

    Бельгияда Қазақстанның бірқатар аймақтық ақпарат құралының өкілдері, оның ішінде QazaqToday ақпарат агенттігінің басшысы елші Роман Василенкомен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Брюссельге біліктілікті арттыру курстары аясында келген журналистер тобын Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастап барды. Делегация құрамында «QazaqToday», «Жетісу» радиосы, «Қостанай таңы» газеті, «Қызылжар-Ақпарат» медиахолдингі, «Turkistan Media Holding» және «Алматы» телеарнасының өкілдері болды.

    Кездесуде елші Роман Василенко Қазақстанның Еуропалық одақпен (ЕО) арадағы қарым-қатынасының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, ЕО – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі.

    «Еуропалық инвестициялардың Қазақстан экономикасына салынған жалпы көлемі 200 млрд доллардан асты, ал Қазақстан ЕО-ға импортталатын мұнайдың шамамен 13%-ын қамтамасыз етеді», — деп атап өтті елші.

    Сонымен қатар тараптар көлік саласындағы, әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. Сондай-ақ сыни шикізат, жасыл энергетика және цифрландыру сияқты жаңа бағыттарда серіктестік нығайып келеді.

    Кездесу барысында көтерілген маңызды мәселелердің бірі – визалық режимді жеңілдету. Елшінің сөзінше, қазір Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында осы мәселе бойынша келіссөздер жалғасып жатыр.

    Елші Қазақстан мен Бельгияның екіжақты қатынастарының оң қарқын алғанын да тілге тиек етті. Бүгінде Қазақстанда Ahlers, Sarens, Carmeuse, Solvay және Jan De Nul сияқты ірі бельгиялық компаниялар жұмыс істейді. Ал 2024 жылдың қаңтарында Брюссельде Қазақстанның мәдени орталығы ашылған болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →