Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Биыл баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

    Биыл баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
    Фото: pixabay

    2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасының арзандауы екіталай. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі демографиялық өсім мен жастардың баспанаға сұранысы әлі бірнеше жыл бойы жоғары деңгейде сақталады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Спикердің сөзінше, 2000–2009 жылдары туған буын қазір еңбек нарығына шығып, отбасы құрып жатыр. Ал жаңа отбасы құрылған кезде ең бірінші кезекте баспана мәселесі туындайды. Сондықтан тұрғын үйге сұраныс азаймайды.

    Өткен жылы Қазақстанда 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанына қарамастан, пәтерлер толық сатылып жатыр. Сатылымның басым бөлігі ипотека, тұрғын үй жинақ жүйесі және халықтың өз қаражаты арқылы жүзеге асуда.

    Ләззат Ибрагимованың айтуынша, демографиялық өсімнің әсері алдағы 2–3 жылда да сақталады. Сол себепті 2026–2027 жылдары тұрғын үй нарығында сұраныс жоғары болып, бұл бағаға да әсер етуі мүмкін.

    Сарапшылардың пікірінше, сұраныс төмендемейінше, баспана бағасының арзандауы да қиын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →