Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Референдумды қолдауға арналған Жаңа адамдардың қыздар шеруі (ВИДЕО)

    Референдумды қолдауға арналған Жаңа адамдардың қыздар шеруі (ВИДЕО)

    Алматыда Жаңа адамдар қыздар шеруін өткізді. Акция қатысушылары «Менің дауысым – менің күшім» деп, азаматтарды ел болашағына қатысты шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырды. Белсенді қыздардың шеруін дауылпаздар ритмі сүйемелдеп, акцияның көрнекі әрі дыбыстық символына айналды. Бұл ритм қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, 15 наурызда өтетін жаңартылған Конституция бойынша референдумға қатысуға үндеді.

    Акция Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, азаматтық дауыстың маңызын еске салды. Белсенділердің айтуынша, тарихта әйелдердің қоғамдық белсенділігі көптеген елдерде азаматтық құқықтардың кеңеюіне ықпал еткен маңызды факторлардың бірі болды. Бұл мысал азаматтардың белсенді ұстанымы қоғамдағы өзгерістерге әсер етіп, оның дамуына ықпал ете алатынын көрсетеді.

    Шеруге қатысқан белсенді қыздар 2022 жылғы референдумнан кейін Қазақстан жаңа даму бағдарын — Әділетті Қазақстан бағытын бекіткенін атап өтті. Осы уақыт ішінде Заң мен Тәртіп қағидаттарына, жауапкершілікке, адамға құрметке, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске және азаматтардың құқықтарын қорғауға деген назар күшейді. Қоғам талапшыл болып, қоғамдық мәселелерді талқылау мен шешуге белсенді қатыса бастады.

    Асель Баденова, Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы:

    «Бүгін Жаңа адамдардың қыздары азаматтық дауыстың күші мен маңызын еске салып, барлық қазақстандықтарды референдумға қатысу құқығын пайдалануға шақырады. Бүгін дауылпаздар ел таңдаған өзгерістер ритмінде соғылады. Елдің болашағы өздігінен туындамайды, оны өз мемлекетінің тағдырына жауапкершілік алып, белсенді қатысатын адамдар құрады».

    Шеру Заң мен Тәртіпті сақтау аясында қала сыртында өткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →