Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Биыл Қазақстанда 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр – министр

    Биыл Қазақстанда 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр – министр

    Фото: Құрылыс министрлігі 

    Ең жоғары көлем үш қалада болжанып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев былтыр 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «Өткен жылғы жоспар 19,2 млн шаршы метр болды. Жыл қорытындысы бойынша аталған жоспар асыра орындалып, рекордтық көлемде, яғни 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, жоспарлы көрсеткіш 18 өңірде артығымен орындалды», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

    Биыл тұрғын үй құрылысының болжамды көлемі 18,5 млн шаршы метр және қосымша шаралар қолданған жағдайда бұл көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар. Ең жоғары көлем Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болжанып отыр.

    «Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қолжетімді ипотекалық құралдарды кеңейту сияқты мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →