Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері қазақы рухта бейнеролик түсіріп жатыр

    Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері қазақы рухта бейнеролик түсіріп жатыр

    Фото: lavozdegalicia.es

    Жобаға Испанияның түрлі өңірлерінен шамамен 25 адам қатысуда. Испанияның оңтүстігіндегі Галисия өңіріндегі О Вал Миньор алқабында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның мамыр айындағы туған күніне арнап бейнеқұттықтау түсіріп жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Түсірілім жұмыстары Ойе елді мекеніндегі Морейрас фермасында басталған. Кадрларда аттар мен бүркітпен аң аулау көріністері көрсетілген. Кейін жоба қатысушылары О Вал Миньор алқабына барып, сол жерде киіз үйлер тіккен.

    Ұйымдастырушылар бұл орынды кездейсоқ таңдамағанын айтады. Олардың сөзінше, Галисия жылқылары мен қазақ жылқыларының символикалық ұқсастығы бар. Бұл өңір жабайы жылқы үйірлерімен танымал.

    Жобаға Испанияның түрлі өңірлерінен шамамен 25 адам қатысып жатыр. Қатысушылардың ең үлкені 72 жаста. Ұйымдастырушылардың бірі – журналист Йоланда Гарсия, ол әншінің Испаниядағы ресми фан-клубының мүшесі.

    Димаш Құдайберген әлемнің көптеген елінде концерт беріп, үлкен залдарды толтырып жүр. Ол оннан астам тілде ән орындайды және академиялық вокал мен поп-музыканы үйлестіреді. Әншінің вокалдық диапазоны алты октавадан асады. Ол өнер көрсеткен сахналардың қатарында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden концерт алаңы да бар.

    Түсірілімге қатысқан кейбір жанкүйерлер әншінің музыкасы олардың өмірге деген көзқарасын өзгерткенін айтады. Мысалы, Оренсе қаласының 47 жастағы тұрғыны Элизабет Баррера Барселонадағы концерттен кейін қазақ тілін үйрене бастап, Қазақстанға баруды армандайтынын жеткізген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →