Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес •

    «Бұл ұсынысты 40 жыл күттік»: Қапшағайға Қонаевтың аты беріледі дегенді естіген ел аламан бәйге өткізді

    Алматы облысында аламан бәйге өтті. Ақсақалдардың сөзінше, Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың атын беру туралы ұсынысқа қуанған ел бұл жаңалықты тойлауға көшкен. Наурыз мерекесімен тұспа тұс келген қуанышты жаңалықтың құрметіне өңірдің жастары аламан бәйге ұйымдастырған. Жалпыұлттық іс-шара Шеңгелді бөктеріндегі Бәйгетөбеде өтті. Сәйгүліктерін сынауға елдің әр аймағынан жүз елуден астам атбегі келген. Олар сәйгүліктерін аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйгелері бойынша жарысқа қосып, темір тұлпардың иесін анықтады. Ауыл ақсақалдарының сөзінше, Қонаевтың атын қалаға беру туралы ұсыныс өткен ғасырдың 80 жылдары да көтерілген. Қапшағай қаласын және су қоймасын салу тікелей Қонаевтың қолдауымен жүзеге асқан. Тұлғаға қаланың атын беру туралы өтініштерді ақсақалдар қырық жылдан бері көтеріп келе жатқан.

    «Ауылдың ақсақалдары Қапшағайдың атын Қонаев деп ауыстыруға қарсы емес және ол ұсынысты қолдап жатыр. Қуанышпен қарсы алып жатыр. Бүгінгі таңда біздің атымызда, бағымызда шауып жатқан сияқты. Өйткені, қаламызға Қонаев атамыздың атын беру туралы ұсыныс, Қапшағайдың облыс орталығы болуы және Әз Наурыз мерекесімен қатар келуі. Бүгінгі бәйгені осы жақсы жаңалықтармен байланыстыруға болады.  Жастар бәйге ұйымдастырайық деді. Әкімдік жастардың пікірін  қолдады», — деді Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы.

    Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы, Талдықорған қалаларынан жүйріктер қатысты. 25 шақырымдық аламанға — 50 сайгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40,  8 шақырымдық құнан жарысқа -50, 4 шақырымдық тай жарысына– 30 ат жіберілген.

    «Елдің делебесін қоздырып, қиқулай шапқан жарыста топ бәйгенің жүлдесі – Батыс Қазақстанға бұйырды. Құнан бәйге — Ескелді ауданы, тай жарысқа – Жамбыл ауданы ие болса, аламан бәйгеде Қордай ауданынан келген сәйгүлік  бас жүлдені жеңіп алып, «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады. Бәйгені ұйымдастырудан түскен қаражатқа жастар жағдайы нашар отбасыларға баспана алып береді», — деді Қапшағай қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →