Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Таяу Шығыс шиеленісті: Air Astana мен FlyArystan рейстері тоқтатылды

    Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан 6 елге ұшуға тыйым салды. Air Astana, FlyArystan және басқа да әуе компаниялары рейстерді тоқтатты.

    Таяу Шығыс шиеленісті: Air Astana мен FlyArystan рейстері тоқтатылды
    file_598.jpg

    Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуе компанияларына бірнеше елдің әуе кеңістігін пайдалануға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тыйым салынған елдер тізіміне Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан кірді. Бұл шектеу арнайы өкім шыққанға дейін күшінде болады және жолаушылар, жүк және техникалық рейстердің барлығына қатысты.

    Осыған байланысты Air Astana мен FlyArystan таяу күндерге жоспарланған рейстерінің күшін жойды. Ал SCAT әуе компаниясының бұл бағыттар бойынша жоспарланған рейстері болмаған.

    Шетелдік тасымалдаушыларға қатысты да өзгерістер бар. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Qatar Airways, Air Arabia, Flydubai, Jazeera Airways, Air Cairo және Red Sea сияқты компаниялар ұшу кестелерін өзгертіп жатыр.

    «Ирандық әуе компанияларының жұмысында да өзгерістер бар: Qeshm Air 28 ақпандағы рейстерін кешіктіреді. Pars Air әуе компаниясы 28 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы рейстерін толығымен тоқтатты», — деп хабарлады ведомство.

    Жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласуға болады: +7 7172 7798215. Сондай-ақ сапар алдында әуе компаниясының ресми сайтында рейстің мәртебесін тексеруге кеңес беріледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →