Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Кувейт Әміріне жеделхат жолдады: екі ел қатынасы жайлы не айтты?

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірін Ұлттық күнімен құттықтап, екі ел арасындағы достық қатынастардың болашағына сенім білдірді.

    Тоқаев Кувейт Әміріне жеделхат жолдады: екі ел қатынасы жайлы не айтты?
    file_571.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты және ел халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент Ақорданың ресми арнасы арқылы жолдаған жеделхатында екі ел арасындағы қалыптасқан достық қарым-қатынас пен өзара қолдаудың маңызына тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты байланыстардың Қазақстан мен Кувейт халықтарының игілігі жолында алдағы уақытта да қарқынды дамып, нығая беретініне зор сенім артатынын жеткізді.

    Сонымен қатар Президент шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →