Тоқаев пен Рахмон Астанадағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанадағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашып, рәсімдік лентаны қиды.
Фото: Ақорда
Астанада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты. Елшілік Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшылары рәсімдік лентаны қиып, нысанды пайдалануға берді. Одан кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Басшыларға Тәжікстан елшілігі ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Соңынан олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
