Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды
«ПСЖ» қақпашысы Матвей Сафонов «Труаға» қарсы матчта 7,5 балл алды. Париж клубы Франция чемпионатында 23 ұпаймен көш бастап тұр.
Сурет: sports.kz
Франция чемпионатының оныншы турында «ПСЖ» «Труаны» 1:0 есебімен ұтты. Бұл кездесуде қақпашы Матвей Сафонов үш соққыны қайтарып, қақпасын таза ұстады. Flashscore.com порталы оған 7,5 балл қойды — бұл көрсеткіш париж клубының осы матчқа қатысқан барлық ойыншылары арасында сегізінші нәтиже.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Франция чемпионатындағы он ойыннан кейін «ПСЖ» 23 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр. «Труа» дәл сонша матчта небәрі 8 ұпайға қол жеткізіп, 16-орында келеді. Келесі турда «ПСЖ» сырт алаңда «Ниццамен» кездессе, «Труа» өз алаңында «Гаврмен» ойнайды.
