Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Арыста мас күйде жүкті келіншек пен екі баланы қағып өлтірген мұғалім әйел тоғыз жылға сотталды

    Тоқаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Президент Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударып, ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің іске асырылуы туралы айтты.

    Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

    Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →