Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады •

    Тоқаев Грузияны «сенімді серіктес» деп атады: екі ел неге келісті?

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдап, екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығын талқылады.

    Тоқаев Грузияны «сенімді серіктес» деп атады: екі ел неге келісті?
    file_554.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Кездесуде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

    Президент Грузияның Қазақстан үшін Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі халық арасындағы байланыстың тарихи тамыры тереңде және ол уақыт сынынан сүрінбей өткен.

    Өз кезегінде Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа грузин құқық қорғау органдарының шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

    Кездесуде Қазақстан мен Грузияның ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмыс, есірткі және киберқылмыс, экстремизмге қарсы күрес сияқты бағыттарда ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екені белгілі болды. Сонымен қатар тараптар озық тәжірибе алмасу және кадр даярлау мәселелерін де қолға алмақ.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлем жолдады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →