Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақтауда жарылыстан кейін тұрғындар 5 айдан бері газсыз отыр: жауапты кім?

    Ақтауда жарылыстан кейін тұрғындар 5 айдан бері газсыз отыр: жауапты кім?
    Фото: видео скриншот

    Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешенінде 2025 жылдың қазан айында жертөледе жарылыс болып, салдарынан бес адам зардап шеккен еді. Алайда содан бері арада бес ай өтсе де, пәтерлерге көгілдір отын әлі берілмеген . Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Lada басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бір қызығы, сол үйдің қазандығы дәл осы құбырлар арқылы жылытылып отыр. Ал тұрғындардың өз пәтерлеріне газ қосылмаған.

    Тұрғындардың айтуынша, құрылыс салушы компания газ беруді әдейі тоқтатып отыр. Олардың болжамынша, мердігер инженерлік желілерді Мүлік иелерінің бірлестігі балансына өткізіп, төтенше жағдай туындаған жағдайда жауапкершіліктен жалтаруды көздейді.

    Халық газ беруді шұғыл түрде қалпына келтіруді, қайта қосылуға кедергі келтіргені үшін құрылыс салушыны жауапқа тартуды және барлық инженерлік желіні қала балансына өткізуді талап етіп отыр.

    Жауапты мемлекеттік органдар ретінде Маңғыстау облысының әкімдігі мен Ақтау қаласының әкімдігі аталды.

    Өкінішке қарай, өңір билігі тұрғындардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайына қатысты мәселені дер кезінде шешуге қауқарсыз екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →