Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Зеленский Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізді

    Зеленский Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізді

    Фото: Арцах

    Жарлық Украина президентінің ресми сайтында жарияланды. Украина Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы санкциялар пакетін енгізді. Бұл туралы Украина басшысы Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Владимир Зеленский тиісті шешімнің қабылдану себебін түсіндірді. Оның айтуынша, Лукашенко «украиналықтарға қарсы бағытталған шабуылдарға көмектесіп жатыр». Сонымен қатар Беларусьтегі үш мыңнан астам кәсіпорын Ресейге аса маңызды санатқа жататын техника, жабдықтар мен құрамдас бөлшектер жеткізумен айналысады.

    «Атап айтқанда, бұған қалаларымыз бен ауылдарымызды күйретіп жатқан зымырандарды жасауға қажет компоненттер кіреді. Бұдан басқа Беларусь жерінде орта қашықтықтағы «Орешник» зымырандарын орналастыруға арналған инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Бұл украин халқына ғана емес, барлық еуропалықтар үшін де қаупі бар», – деді Зеленский.

    Беларусь президентіне қарсы 17 түрлі санкция көзделген. Оның ішінде мүлікті бұғаттау, елге кіруге шектеу қою, сауда мен транзитті тоқтату, қаржылық операциялар мен технология трансферіне тыйым салу кіреді. Кейбір санкциялар мерзімсіз болса, енді бір бөлігі 10 жылға енгізіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →