Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды •

    Балалар мінген көлік аударылған: Семей тұрғындары әкімдікті жауапқа тартуды талап етеді

    Балалар мінген көлік аударылған: Семей тұрғындары әкімдікті жауапқа тартуды талап етеді

    Фото: видеодан скрин

    Семей өңірінде жолдың тазаланбауы салдарынан кезекті жол-көлік оқиғасы тіркелді. Талица ауылынан Озеркиге қарай бағыт алған балалар мінген «Газельді» сүйемелдеп келе жатқан жеңіл көлік көктайғақта аударылып кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік төбесіне түсіп, ішіндегі балалар мен ересектер оны өз күштерімен қайта тұрғызуға мәжбүр болған. Себебі оқиға орнына жедел көмек дер кезінде жетпеген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Тұрғындар бұл жолдың мүлде тазаланбайтынын, құм-тұз қоспасы да себілмейтінін ашық айтып отыр. Айтуларынша, боран кезінде жолды бірнеше күн бойы жаппай, тазалауды күтеді, ал көктайғақта мүлде әрекет жасалмайды. Соның салдарынан ауыл тұрғындары, әсіресе қарттар мен балалар қалаға қатынай алмай, қауіппен өмір сүріп отыр.

    Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Алайда жергілікті жұрт «қайғылы жағдай болмай тұрып неге шара қабылданбайды?» деп, жауаптыларға наразылық білдіруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →