Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды •

    Шымкентте жаңа асфальт опырылып түсті: кәріз қазбасынан кейін құбырлар үзіліп, тұрғындар сусыз қалды

    Шымкентте жаңа асфальт опырылып түсті: кәріз қазбасынан кейін құбырлар үзіліп, тұрғындар сусыз қалды

    Шымкент қаласы, Қызылжар шағынауданындағы Ақторғай көшесінде жол сапасына қатысты кезекті дау шықты. Тұрғындардың айтуынша, орталық қалалық кәріз жүйесі жүргізілген аумақта асфальттың асты опырылып, жолдың бірнеше бөлігі шөгіп кеткен. Соның салдарынан жекеменшік үйлерге тартылған ауызсу құбырлары үзіліп, халық сусыз отыр.

    Мәселе бойынша тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, тиісті қызметтерді шақыртқан. Алайда оқиға орнына келген су арнасының апаттық қызметі құбырларды қалпына келтіруден бас тартқан. Олар апатқа жол құрылысына жауапты мердігерлер кінәлі екенін, топырақ опырылуы салдарынан құбырлар үзілгенін алға тартқан.

    Айта кетейік, аталған көшеге асфальт жабыны 2025 жылдың ортасында ғана төселген. Арада көп уақыт өтпей жатып жолдың шөгуі – сапа мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Тұрғындар жауапты органдардан шұғыл тексеріс жүргізіп, жол мен инженерлік желілерді толық қалпына келтіруді талап етіп отыр.

    Видео: @kritika_shymkent парақшасынан алынды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →