Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Балалар мінген көлік аударылды: тұрғындар Семей әкімдігін жауапқа тартуды талап етеді

    Балалар мінген көлік аударылды: тұрғындар Семей әкімдігін жауапқа тартуды талап етеді

    Семей өңірінде жолдың тазаланбауы салдарынан кезекті жол-көлік оқиғасы тіркелді. Талица ауылынан Озеркиге қарай бағыт алған балалар мінген «Газельді» сүйемелдеп келе жатқан жеңіл көлік көктайғақта аударылып кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік төбесіне түсіп, ішіндегі балалар мен ересектер оны өз күштерімен қайта тұрғызуға мәжбүр болған. Себебі оқиға орнына жедел көмек дер кезінде жетпеген.

    Тұрғындар бұл жолдың мүлде тазаланбайтынын, құм-тұз қоспасы да себілмейтінін ашық айтып отыр. Айтуларынша, боран кезінде жолды бірнеше күн бойы жаппай, тазалауды күтеді, ал көктайғақта мүлде әрекет жасалмайды. Соның салдарынан ауыл тұрғындары, әсіресе қарттар мен балалар қалаға қатынай алмай, қауіппен өмір сүріп отыр.

    Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Алайда жергілікті жұрт «қайғылы жағдай болмай тұрып неге шара қабылданбайды?» деп, жауаптыларға наразылық білдіруде.

    Видео @oo_osa_semey_vko парақшасынан алынды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →