Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Крокус Сити» ісі: прокурор 15 айыпталушыға ең ауыр жаза сұрады

    Мәскеудегі "Крокус" концерт залында болған теракт ісі бойынша сот жалғасуда. Прокурор 19 сотталушының 15-ін өмір бойына соттауды сұрады.

    «Крокус Сити» ісі: прокурор 15 айыпталушыға ең ауыр жаза сұрады
    file_502.jpg

    Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік әрекетке қатысты сот процесінде прокурор 19 айыпталушының 15-іне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл іс бойынша жарыссөз Мәскеудегі 2-ші Батыс округтік әскери сотында жабық режимде өтті. 2024 жылғы 22 наурызда болған теракт бойынша сотта 19 адамға айып тағылып отыр. Олардың 13-іне тікелей терроризм бабы бойынша, ал қалғандарына лаңкестік әрекетке жәрдемдесу айыбы тағылған.

    «Екі ағайынды Исломовтар мен олардың әкесінен, сондай-ақ Әлішер Касимовтан басқасының бәріне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы сұралды», — деді РИА «Новости» агенттігінің дереккөзі.

    Сонымен қатар прокурор Ресей азаматтығын кейіннен алған сотталушыларды азаматтықтан айыруды да талап етті.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →