Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды •

    Алматының ауасы қауіпті деңгейде: Әрбір тоғызыншы сынама лас болып шықты

    2025 жылы Алматыда ауа сапасы айтарлықтай нашарлады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, әрбір 9-сынама лас.

    Алматының ауасы қауіпті деңгейде: Әрбір тоғызыншы сынама лас болып шықты
    file_463.jpg

    2025 жылы Алматы қаласындағы ауа сапасы айтарлықтай нашарлап, зиянды заттар мөлшері нормадан асқан сынамалардың үлесі артты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы мамандар ауаның санитарлық-химиялық көрсеткіштерін тексеру үшін 47 520 сынама алған. Оның 5 427-сінде, яғни жалпы санының 11,4%-ында ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) асып кеткені анықталды.

    Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Ол кезде алынған 77 760 сынаманың 5 727-сінде (7,4%) ғана нормадан ауытқу тіркелген болатын.

    Ауаның ластануына негізгі себеп – көлік қозғалысы көп ірі күре жолдар. Мамандар мұндай аумақтардан 30 720 сынама алып, оның 5 367-сінде (17,5%) зиянды заттардың мөлшері нормадан жоғары екенін тіркеді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен бірдей деңгейде қалған.

    Ал өнеркәсіптік кәсіпорындарға жақын орналасқан тұрғын аудандардағы ахуал біршама жақсарған. Бұл аймақтардан алынған 16 800 сынаманың тек 60-ында (0,3%) ғана ауытқу байқалды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 0,8%-ды құраған еді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →