Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазгидромет ескерту жасады: Демалыс күндері елімізде боран соғып, көктайғақ болады

    Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің оңтүстігінде қалың қар мен нөсер жаңбыр күтіледі.

    Қазгидромет ескерту жасады: Демалыс күндері елімізде боран соғып, көктайғақ болады
    file_461.jpg

    Алдағы демалыс күндері, яғни 14-16 ақпан аралығында, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы күрт нашарлап, қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, 14 ақпанда еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

    Алайда 15 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны жылжи бастайды. Ол шығысқа қарай жылжып, артынан жаңбыр мен қар, бұрқасын әкеледі. Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

    Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында осы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның әсерінен атмосфералық фронттар өтіп, жауын-шашын аралас болады. Мамандар 14 және 15 ақпанда нөсер жаңбыр мен қалың қар жауатынын болжайды.

    Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →